БАҚ өкілдерімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» брифинг өткізілді

БАҚ өкілдерімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» брифинг өткізілді

24 қарашада «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. Департамент басшысы Мұратбеков М.Т. азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді. 2021 жылғы 24 қазаннан бастап мүгедек балалар үшін мүгедектік тобын белгілеу 7 жастан бастап жүзеге асырылады (бұрын мүгедектік  топ 16 жастан бастап айқындалған). Алматы қаласындағы 290 мүгедек бала үшін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алумен қатар, асыраушысынан айрылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға да мүмкіндік туды (бұрын қолданылған заңнама нормаларына сай таңдауы бойынша тек бір жәрдемақы ғана төленген). Науқастану себебіне қарамастан 1 топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді (бұрын аталған жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге ғана төленген). Зейнетақы заңнамасы бойынша мүгедек баланы 18 жасқа дейін (бұрын 16 жасқа дейін болатын) күту кезеңіндегі жұмыс өтілін ескеру мүмкін болды, бұл өз кезегінде міндетті және базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер етеді. Заңнамаға енгізілген мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен қолдауға қатысты басқа да өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ, брифинг жұмысына медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Кусманова Г. К.  қатысты. БАҚ өкілдерінен бірқатар сұрақтар келіп түсті, оларға түсініктеме берілді.