2022 жылы әйелдер неше жаста зейнеткерлікке шығады

2022 жылы әйелдер неше жаста зейнеткерлікке шығады

         

Соңғы жылдары еліміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар ауқымды өзгерістер енгізіліп, бүгінде ол өзгерістер тиісінше іске асырылып келеді. Әйелдердің  зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту – сол өзгерістердің бірі болды. 2018 – 2027 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде жыл сайын жарты жылдан қосу арқылы әйелдердің зейнеткерлік жасын 63-ке жеткізу көзделген.

          «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес биылғы жылы әйел адамдар зейнеткерлікке 60 жастан шығуда. Аталған заң талабы бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 60 жас 6 айды құрайтын болады.

           Осы орайда 1961 жылдың екінші жартысында (шілде-желтоқсан айларында) дүниеге келген әйелдердің жыл аяғына дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгініп үлгеруі қажет екенін назарларына жеткізгіміз келеді. Желтоқсан айының соңына дейін жүгініп үлгермеген жағдайда, зейнеткерлікке шығу құқығына 60 жарым жасқа толғанда ғана ие бола алады.