«Асыраушысынан айрылғандарға көрсетілетін көмек» деген тақырыпқа арналған тікелей эфирге қатысу

«Асыраушысынан айрылғандарға көрсетілетін көмек» деген тақырыпқа арналған тікелей эфирге қатысу

2021 жылғы 20 қазанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінің Алматы қаласы бойынша №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Д.Б. Бердібаева және Қалалық білім беру басқармасы қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің өкілі «Тәлім TV» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Маңызды мәселе» хабарына қатысты. Хабар «Асыраушысынан айрылғандарға көрсетілетін көмек»   деген тақырыпқа арналды. Эфир барысында республикалық бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және көрсетілетін өзге де жеңілдіктерге қатысты мәселелер талқыланып, телефон қоңырауы арқылы көрермендерден түскен сұрақтарға жауап берілді.