Әскери қызметшілерге , оның ішінде қазіргі әскери қызметшілерге қатысты мемлекеттік әлеуметтік, арнайы төлемдерді тағайындау туралы онлайн кездесу

Әскери қызметшілерге , оның ішінде қазіргі әскери қызметшілерге қатысты мемлекеттік әлеуметтік, арнайы төлемдерді тағайындау туралы онлайн кездесу

2021 жылы 27 тамызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р. Дараеваның, №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Д. Бердібаеваның және бас маман А. Айсаеваның қатысуымен әскери қызметшілерге оның ішінде ардагер мәртебесіне ие болған азаматтарға қарастырылған мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы және зейнетақымен қамсыздандыру заңының нормаларына қатысты туралы онлайн кездесу өткізді. Кездесуге қатысқандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының, Алматы қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер шақыртылды. Кездесу барысында аталған жәрдемақыларды тағайындау тәртібі, стандарттар мен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құжаттарды қабылдау жөнінде баяндама жасалып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.