Мемлекттік базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі

Мемлекттік базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі

Еңбек өтіліне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі туралы» Қайта оралу Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында зейнетақы жүйесін жетілдіру аясында, 01.07.2018 жылдан бастап зейнетақы қорын қалыптастыруға тікелей қатысу үшін азаматтар мен жұмыс берушілер жеткілікті табыс деңгейін қамтамасыз етуге негізделген еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін тағайындау әдістемесі енгізілген. Қолданыста болған базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 % мөлшерінде, республикалық бюджет туралы заңына сәйкес, тиісті қаржылық жылға бекітілген еңбек еткен өтіліне қарамастан тағайындалған. Бүгінгі таңда, ең төменгі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 % еңбек өтілі мүлдем жоқ немесе 10 жылдан кем еңбек өтілі бар азаматтарға тағайындалады. 10 жылдан артық әр жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2 % көбейтіледі. Және 33 жыл және одан да көп еңбек өтілі жағдайында 100 % ең төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 34302 теңге мөлшерінде тағайындалады.