Мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі талқыланды

Мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі талқыланды

2021 жылғы 28 шілдеде Алматы қаласының Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Г. Құсманова, №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Д. Бердібаева және «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары К. Құдайберген “Talim TV” телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Маңызды мәселе» хабарына қатысты. Хабар «Мүмкіншілігі шектеулі адамдарға қандай көмектер бар?» деген тақырыпқа арналды. Эфир барысында мүгедектікті белгілеу, республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақыларды тағайындау және көрсетілетін өзге де жеңілдіктерге қатысты мәселелер талқыланып, телефон қоңырауы арқылы көрермендерден түскен сұрақтарға жауап берілді.