Алматы қаласына қоныс аударған этностық қазақтарға жасына байланысты зейнетақы тағайындау тәртібі туралы (онлайн кездесу) өтті.

Алматы қаласына қоныс аударған этностық қазақтарға жасына байланысты зейнетақы тағайындау тәртібі туралы (онлайн кездесу) өтті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жол қартасының аясында ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Алматы қаласына қоныс аударған этностық қазақтарға жасына байланысты зейнетақы тағайындау тәртібі туралы (онлайн кездесу) өтті. Онлайн кездесуге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының және Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Әділбекұлы және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қалалық филиалының басшысы Ақбөпе Мақұлбекқызы қатысты.