2021 жылы 23 маусымда Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті бас маманы А. Назарбаеваның қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Әуезов аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде техникалық оқыту өткізілді. 14.04.2015ж. № 223 «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру» қағидаларына сәйкес жұмыстарды орындау, стандарттар мен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құжаттарды қабылдау жөнінде қатысушылар баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.