Аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған аналар мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған аналар мәселелері бойынша дөңгелек үстел

2021 жылғы 12 мамырда Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасымен және Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Департаментімен бірлесіп аутизмі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Мүгедек балаларды тегін тексеру; басқа да жеңілдікті санаттардан мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін жеке санат ұйымдастыру; мүгедек және даму ерекшеліктері бар балалар үшін кәсіптік мектептер мен кәсіптік колледждер ашу; бала күтімін жалпы еңбек өтіліне қосу; аутизмі бар балаларды психиатриялық ауруханадан шығару және т. б. мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында алынған сұрақтарға жауаптар берілді, ұсыныстар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында карантиндік шаралар сақталды.