Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті

Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;

Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге;

Жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуді уақтылы қамтамасыз ету мақсатында мынадай арттыруларды ұстану қажет.

- Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшердің 7%-ына арттырылады.

Қайтадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 46 еселенген АЕК-тен (134 182 теңге) аспауға тиіс.

- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Қазақстан Республикасы Заңының 12, 16 және 18-баптарында көзделген мөлшерлерде белгіленеді және КД мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

- №1 және №2 Тізімдер бойынша берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақының, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың, төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру мекемелерін аяқтайтын уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) мемлекеттік жәрдемақылардың, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылардың мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын отбасыларға (адамдарға)

мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан КД ұлғаюына байланысты арттырылады.

- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының ұлғаюына байланысты арттырылады (яғни 34 202 тенге).