«Аяз атаға хат» атты қайырымдылық акциясы

«Аяз атаға хат» атты қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі лейкозбен ауыратын балаларға «Аяз атаға хаттар» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Осыған орай, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Ж.Нарматов және департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан құттықтау хаттарын жолдап, сондай-ақ жаңа жылдық сыйлық жиынтықтары мен ойыншықтарын табыстады. Оларға дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр, отбасы мен жақындарына шаттық тіледі.