Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 2020 жылдың 11 айға атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің  2020 жылдың 11 айға атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті халықты (мүмкіндігі шектеулі жандарды) әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, соныі ішінде «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңының  25-бап 3-тармағына сәйкес, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

         «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-тармағына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзырына мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жатады.

2020 жыл:

 

Ағымдағы жылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 29 тексеріс жұмыстары жүргізіліп, 134 бұзушылық табылып, мекеме басшыларына құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Оның ішінде ___объект кемшіліктерді жойды, қалған __ объект бойынша ұйғарымды орындау мерзімі созылды, ___ объект бойынша ұйғарым орындау мерзімі бар.

Сонымен қатар Covid-19 дертіне байланысты апта сайын әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау бойынша және әлеуметтік медициналық мекемелерде Covid-19 дертіне шалдығу бойынша мониторинг өткізіледі

Сонымен қатар, Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасымен бірге «Жанұйя» арнайы мамандандырылған кешенін және «SOS Children Village Almaty» балалар мекемесін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша тексерілді.