
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы профилактикалық бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тексеру парақтары негізінде жүргізіледі. Тексеру парақтарының мазмұны бақылау нысанасына, қызмет көрсету жағдайларына және арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылардың құқықтарының сақталуына байланысты айқындалады.
Осы бағыт шеңберінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияның болуы, үй-жайлардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, санитариялық және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы, мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі, қажетті материалдық-техникалық базаның болуы, кадрлармен қамтамасыз етілуі және штат санының ең төменгі нормативтерінің сақталуы тексеріледі.
Сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени және басқа да арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін қажетті жағдайлардың болуы бағаланады.
Аталған талаптарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230, 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 және 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрықтары жатады. № 222 бұйрық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, оның ішінде үй-жайларға, материалдық-техникалық базаға және кадрлық құрамға қойылатын талаптарды белгілейді. Ал № 230 және № 263 бұйрықтар ұйымдардың қызметін және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын реттейді.
Қызмет көрсету жағдайларына қарай, яғни стационарлық, жартылай стационарлық, үйде және уақытша болу жағдайларында алушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен оның сапасына қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі.
Атап айтқанда, мыналар бағаланады:
Осы бағыттың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, № 230 бұйрық және № 263 бұйрықпен бекітілген арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары құрайды.
Осы бағыт шеңберінде қызмет алушыларға жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасында (ЖАОБ) көзделген іс-шараларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі талаптардың сақталуы тексеріледі.
Атап айтқанда, мыналар қаралады:
Аталған мәселелер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 157, 166 және 167-баптарымен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 345 бұйрығымен, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қағидалармен реттеледі.
Қорытынды: профилактикалық бақылау ұйымдардың заңнама талаптарын сақтауын, арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, сондай-ақ қызмет алушылардың әлеуметтік қолдау мен оңалтуға қатысты құқықтарының іске асырылуын кешенді бағалауға мүмкіндік береді.