Зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар үшін маңызды ақпарат

Зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар үшін маңызды ақпарат

Зейнеткерлік жасқа толған ерлер (63 жас және одан жоғары) мен әйелдер (2020 жылы 59,5 жас және одан жоғары) тұрғылықты жерлері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш бере алады.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес, әйелдердің зейнетақы жасы жыл сайын жарты жылға артып, 2027 жылы ерлердің жасына тең болады.

Осыған орай, 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59,5 жасқа толған әйелдердің назарларына саламыз.

Егер олар жыл соңына дейін зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш өткізбесе, келесі жылы (2021 ж.) олар тек 60 жасқа толғанда ғана жүгіне алады.

Бұл ретте зейнетақы жасы келген күнге дейін 10 күн бұрын өтініш беру мүмкіндігі бар.