
Техникалық оңалту құралдары (бұдан әрі – ТОҚ) – ағза функцияларының бұзылуы мен тыныс-тіршіліктің шектелуін өтеуге, адамның күнделікті өмірдегі дербестігін қамтамасыз етуге арналған құралдар.
Оларға кресло-арбалар, жүріп-тұру құралдары, протездік-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық, тифлотехникалық және басқа да техникалық құралдар жатады.
Қажеттілік қалай айқындалады?
Медициналық ұйым адамның денсаулық жағдайына және функционалдық мүмкіндіктеріне бағалау жүргізеді.
Медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді, ағза функцияларының бұзылуын және тыныс-тіршіліктің шектелуін ескере отырып, қажетті техникалық оңалту құралы айқындалады және тиісті ұсыным оңалтудың жеке бағдарламасының (ОЖБ) медициналық бөлігіне енгізіледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) ұсынылған медициналық құжаттар мен тексеру нәтижелерін ескере отырып, ағза функцияларының бұзылу дәрежесін, тыныс-тіршіліктің шектелуін және адамның техникалық оңалту құралдарына және басқа да әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін бағалайды.
Сараптама нәтижелері бойынша қажетті оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік қорғау шаралары оңалтудың жеке бағдарламасында (ОЖБ) көрсетіледі.
Техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету ОЖБ-ға сәйкес және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қажеттілікті айқындау кезінде не ескеріледі?
Техникалық оңалту құралдары әрбір адамға жеке қажеттілігіне қарай айқындалады.
Бұл ретте:
Сондықтан белгілі бір диагноздың немесе мүгедектік тобының болуы нақты техникалық оңалту құралын автоматты түрде белгілеуге негіз болып табылмайды.
Пайдалану мерзімі
Техникалық оңалту құралдарының әрбір түрі бойынша пайдалану мерзімі белгіленеді.
Техникалық оңалту құралын ауыстыру, әдетте, белгіленген пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Құралды мерзімінен бұрын ауыстыру қажеттілігі заңнамада көзделген жағдайларда белгіленген тәртіппен қаралады.
Негізгі қағида: техникалық оңалту құралы адамның диагнозын ғана емес, оның функционалдық мүмкіндіктері мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады.