
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеу қызметкерлерді ерекше әлеуметтік қорғауды талап етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында зиянды өндірістік факторлардың әсеріне байланысты жағдайларда ұзақ уақыт еңбек қызметін жүзеге асырған азаматтарға қосымша қолдау шаралары көзделген.
Осындай қолдау шараларының бірі – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін немесе бұрын осындай жұмыстарда еңбек еткен азаматтарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабына сәйкес белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар әлеуметтік қорғауға құқылы.
Негізгі талаптар:
Бұл ретте төлемдердің құрамы мен мөлшері азаматтың зиянды еңбек жағдайларында жұмысын жалғастырып отырғанына немесе осындай еңбек қызметін тоқтатқандығына байланысты болады.
55 жасқа толған және МКЗЖ төлеудің қажетті кезеңі болған жағдайда азамат келесі бөліктерден тұратын арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқылы:
1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – екі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде.
2. Зейнеталды аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі – бір ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде.
3. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем – бір ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемі – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарға сәйкес.
Бұл ретте төлемді тағайындаудың маңызды шарттарының бірі – азаматтың зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатуы немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысуы.
Өтініш берген кезде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істемейтін азаматтар да әлеуметтік қорғау шараларын алуға құқылы болуы мүмкін.
55 жасқа толған және 2014 жылдан бастап МКЗЖ төлеу кезеңі жиынтығында кемінде 84 ай болған жағдайда оларға:
Арнаулы әлеуметтік төлем азаматтың өтініш берген күнінен бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін тағайындалады.
Бүгінгі күні Алматы қаласында 487 адам арнаулы әлеуметтік төлемнің алушысы болып табылады.
Зиянды еңбек жағдайларында еңбек еткен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Заңнамада көзделген төлемдер кәсіби қызметі зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты болған азаматтарға қосымша материалдық қолдау көрсетуге бағытталған.
Білу маңызды: арнаулы әлеуметтік төлемге құқық азаматтың жасына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төлену ұзақтығына және өтініш берген кездегі еңбек қызметінің жағдайына байланысты.