МӘС-тің № 4 бөлімінде № 2 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді

МӘС-тің № 4 бөлімінде № 2 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді

МӘС-тің № 4 бөлімінде № 2 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлерімен медициналық көмектің сапасын арттыру және медициналық құжаттаманы рәсімдеу сапасын жетілдіру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Пациенттерді жолдау кезінде № 031/у нысанын рәсімдеу қағидалары және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау.
  2. Жолдамаларды рәсімдеу барысында жиі кездесетін қателіктер.
  3. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) жүргізуді реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге түсіндірме беру.
  4. Санаторий-курорттық емдеуге жіберудің медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері.
  5. Пациенттерді электрондық жазылу (электрондық кезек) арқылы медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткізуге жолдау алгоритмі.

Кеңес ашық диалог форматында өтті. Дәрігерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, күнделікті жұмыс барысында қолданыстағы нормативтік құжаттарды қолдану бойынша тәжірибелік түсіндірмелер алды.

Сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуге жолдауға қарсы көрсетілім болып табылатын аурулар мен жағдайларға, медициналық құжаттарды рәсімдеу кезінде қабылданатын шешімдердің негізділігіне ерекше назар аударылды. Цифрлық форматтың артықшылықтары, пациенттерді тіркеу тәртібі, жолдау мерзімдерін сақтау және ақпараттық жүйемен жұмыс барысында туындайтын мәселелер де қарастырылды.

Осындай жұмыс кездесулері медициналық ұйымдар мен медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің азаматтар үшін қолжетімділігін, қолайлылығын және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.