Сырттай проактивты куәландыру: нозологиялық нысандардың тізбесі кеңейтілді

Сырттай проактивты куәландыру: нозологиялық нысандардың тізбесі кеңейтілді

2025 жылғы 2 мамырдан бастап...

Енді бастапқы және қайта сырттай проактивты куәландыру 15 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.

Тізбеге онкологиялық аурулар, туберкулез, инсульттің салдары, ампутациялар, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы, психикалық аурулар, балалардағы 1 типті қант диабеті, Даун синдромы, қан жүйесінің ауыр аурулары, Паркинсон ауруы, бауыр циррозының ауыр түрлері және басқа да жағдайлар енгізілген.

Өзгерістер мемлекеттік қызметті алу рәсімін жеңілдетуге және медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жеке келу қажеттілігін азайтуға бағытталған.