
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Департаментте «Қызметтік әдеп аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылық деңгейін арттыру, экстремизм мен терроризм идеологиясын қабылдамау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби қызметте қызметтік әдеп қағидаттары мен заңдылықты нығайту болды.
Семинар жұмысына Алматы қаласы Дін істері басқармасының өкілдері қатысты.
Баяндамамен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Қантарбаева Жанна Уринбасаровна сөз сөйледі. Баяндама барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың өзекті мәселелері, деструктивті діни ағымдардың белгілері, радикалды идеологияны тарату тәсілдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мұндай көріністердің алдын алудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Семинар барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, экстремистік көзқарастарды таратуға жол бермеу, құқықтық сананы нығайту, сыни ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қазіргі заманғы жағдайларда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың практикалық аспектілерін талқылады.
Өткізілген семинар қызметкерлердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінде жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.