«Жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі комиссияның отырысы

«Жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі комиссияның отырысы

2026 жылғы 16 маусымда Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Алматы қалалық филиалының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында ардагер мәртебесін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Растайтын құжаттардың түпнұсқалығын тексеру, мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың негізсіз өздерін ардагер ретінде көрсету жағдайларының алдын алу жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар нағыз ардагерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау – ортақ міндет екенін атап өтті.

Тек бірлескен күш-жігердің арқасында әскери борышын адал атқарған азаматтарға деген құрметті сақтап қалуға болады.

Кездесу қорытындысы бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлердің мәртебесін растау бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы шешім қабылданды.