Комитет ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-жиналыс өткізілді

Комитет ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-жиналыс өткізілді

2026 жылғы 17 маусымда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру-кеңес беру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта өтті. Оған Департамент басшылығы мен қызметкерлері Zoom платформасы арқылы қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстануы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.