Алматы қаласы бойынша Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Алматы қаласы бойынша Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

2026 жылғы 16 маусымда Алматы қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Департаментінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 12 маусымдағы кеңес хаттамасының 2-тармағын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айдана Ақзатқызы Нұрмағамбетова қатысты. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі талаптарымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікпен таныстырды.

Семинар барысында Департамент басшысының орынбасары Рима Саматовна Ниязбекова қызметкерлерге Комитеттің төрағасының бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының мазмұнын түсіндіріп, оның негізгі қағидаттары мен талаптарымен таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңнама талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіру болды.