
Бірлескен бұйрыққа қосымша негізінде:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 4 қарашадағы № 347
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 5 қарашадағы № 136
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 11 қарашадағы № 571/НҚ
📅 2026 жылғы 12 маусымнан бастап Алматы қаласында медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) электрондық кезек енгізіледі
Пилоттық жоба шеңберінде мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау және әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша мемлекеттік қызметке жазылу Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
🧭 Куәландыруға жазылу тәртібі
👨⚕️ 1. Медициналық ұйым №031/у нысанын жолдайды
📲 2. Азаматтың тіркелген нөміріне SMS-хабарлама келеді
🌐 3. Порталға кіру: aleumet.egov.kz
📅 4. Ыңғайлы күн мен уақытты таңдау
✅ 5. Жазбаны растау және талон алу
🔔 6. 3 күн бұрын SMS еске салу жіберіледі
⚠️ Маңызды ақпарат
⭐ Электрондық кезектің артықшылықтары
⏱ Күту уақыты қысқарады
📅 Ыңғайлы уақыт таңдау
📲 SMS хабарламалар мен еске салулар
🏥 Алдын ала келу қажеттілігінің болмауы
📊 Қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігі
📌 Құрметті азаматтар, SMS-хабарламаларды уақытылы қарап, белгіленген қабылдау уақытына кешікпеулеріңізді сұраймыз.