
Ең маңызды өзгерістердің бірі — нысандардың сәйкестік декларациясын қол қоюға қатысу функциясы жергілікті атқарушы органдардан (ЖАО) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне беріледі.
Бұл не білдіреді?
✅ Нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейеді;
✅ Пандустарға, кіреберіс топтарына, санитарлық бөлмелерге, лифтілерге және навигацияға ерекше назар аударылады;
✅ Нысандарды пайдалануға беру кезінде кедергісіз орта талаптары формалды емес, нақты түрде сақталуы тиіс.
Қолжетімді орта — бұл әрбір азамат үшін ыңғайлылық, қауіпсіздік және тең мүмкіндіктер.
Жаңа тәсіл құрылысқа қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және қалалық ортаның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
#ҚолжетімдіОрта #Инклюзия #ҚұрылысКодексі #ӘлеуметтікҚорғау #КедергісізОрта #Қазақстан