МӘС құжаттарын қолдан жасау фактілері бойынша ақпарат

МӘС құжаттарын қолдан жасау фактілері бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері мүгедектікті белгілеудің заңдылығына тұрақты мониторинг жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 4 айында Алматы қаласы бойынша департаментпен мүгедектікті белгілеу және мұқтаж азаматтарға қажетті әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеу бойынша 7 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды қолдауға қомақты қаражат бөледі және біздің міндетіміз — бұл қаражаттың заңнамаға сәйкес шынымен мұқтаж азаматтарға жетуін қамтамасыз ету.
Өкінішке қарай, Комитетпен медико-әлеуметтік сараптамаға келіп түсетін медициналық құжаттарды талдау барысында елеулі бұзушылықтар анықталды. Бірдей медициналық үзінді көшірмелерді пайдалану фактілері анықталды. Бұл әртүрлі пациенттерге арналған құжаттардың іс жүзінде «көшірме» тәсілімен рәсімделгенін білдіреді: талдау нәтижелері, анамнез деректері және бейінді мамандардың қорытындылары толық сәйкес келген, тек күндері мен дербес деректері ғана өзгертілген.
Аталған фактілер мүгедектікті заңсыз белгілеу мақсатында медициналық құжаттарды қолдан жасаудың тікелей белгілері болып табылады.
Бүгінгі таңда республика бойынша осындай 151 факт анықталды. Біздің өңірге тоқталатын болсақ, Алматы қаласында осындай 1 факт тіркелді. Жиналған барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Анықталған барлық фактілер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда және Министрліктің қатаң бақылауында.
Мемлекет алдау және әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу әрекеттерінің жолын кесу бойынша жұмысты қатаң түрде жалғастырады.