Есту қабілеті бұзылған кезде мүгедектікті белгілеу мәселелері МӘС кеңесінде талқыланды

Есту қабілеті бұзылған кезде мүгедектікті белгілеу мәселелері МӘС кеңесінде талқыланды

05.05.2026 жылы №1 МӘС бөлімі №30 қалалық емхана базасында №1 МӘС бөліміне қарасты емханалардың ЛОР дәрігерлері мен ДКК қатысуымен құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары кезінде мүгедектік тобын белгілеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 

Кеңес барысында есту қабілетінің төмендеуі (тугоухость) кезінде мүгедектік тобын белгілеу үшін МӘС бөліміне жолдаудың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері қарастырылды.

 

Айта кету керек, бөлім өз қызметінде МӘС жүргізу қағидаларын басшылыққа алады.

 

Бұл үшін нені білу қажет?

 

Есту қабілетінің төмендеуіне байланысты мүгедектік тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген МӘС жүргізу қағидаларының 7-1 қосымшасына сәйкес белгіленеді:

 

👂 екіжақты IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі (71–90 дБ), есту протездеу мүмкін болмаған жағдайда;

👂 керең-мылқаулық;

👂 екіжақты кереңдік (90 дБ-дан жоғары);

🦻 кохлеарлық имплантациядан кейінгі жағдай.

 

Аталған функционалдық бұзылыстар аудиологиялық тексерулермен (аудиограмма, КСВП, ASSR) расталуы тиіс және оториноларинголог (сурдолог) дәрігерінің қорытындысымен бекітіледі.

 

МӘС-ке жолдаманы кім береді?

 

Жолдаманы ЛОР дәрігері және ДКК диагностикалық және емдік іс-шаралар жүргізілгеннен кейін береді. Жолдау диагноз қойылғаннан кейін кемінде 4 ай өткен соң жүзеге асырылады.

 

Сонымен қатар №031/у нысаны бойынша қорытынды жасалып, техникалық оңалту құралдары ұсынылады:

 

🧑🏻‍💻 1. Веб-камерасы бар ноутбук:

- екіжақты IV дәрежелі тугоухость;

- екіжақты кереңдік;

- керең-мылқаулық;

- аралас түрлері.

 

🖲️ 2. Көпфункционалды сигналдық жүйе:

- екіжақты кереңдік;

- керең-мылқаулық;

- III–IV дәрежелі тугоухость.

 

📲 3. Бейнебайланыс және мәтіндік хабарламасы бар ұялы телефон.

 

⌚️ 4. Есту қабілеті төмен адамдарға арналған сағат:

- III–IV дәрежелі тугоухость;

- екіжақты кереңдік;

- керең-мылқаулық.

 

🧏‍♀️ 5. Кохлеарлық имплантқа арналған сөйлеу процессоры.