♿️ ТСР жаңа форматта: артық шығын аз — сапа жоғары

♿️ ТСР жаңа форматта: артық шығын аз — сапа жоғары

Қазақстанда техникалық оңалту құралдарымен (ТСР) қамтамасыз ету тәсілі жаңартылды. Не өзгерді және бұл неге маңызды — қарапайым тілмен түсіндіреміз 👇

🔹 Бағалар ашық әрі түсінікті болды
Енді ТСР құны Әлеуметтік қызметтер порталы мен электронды дүкендердің деректері негізінде автоматты түрде қалыптасады.

Бұл «адам факторын» азайтып, негізсіз баға өсірудің алдын алады.

👉 Бұрын: мүгедектер арбасының құны 400–500 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін еді
👉 Қазір: нарықтағы нақты бағаға бағдар — шамамен 200 мың теңге

🔹 Мемлекет үнемдемейді — қаражатты тиімді қайта бөледі
Үнемделген қаражат мына бағыттарға жұмсалады:
✔️ заманауи әрі технологиялық оңалту құралдарына
✔️ көмек жүйесін дамытуға
✔️ қызметтерді алу мерзімін жеделдетуге

🔹 ТСР-ды қайтарымды пайдалану механизмі енгізіледі
Маңыздысы: бұл міндет емес, қосымша мүмкіндік.

Бұл не береді?
✔️ ТСР-ды уақытша пайдалануға алуға болады (мысалы, жөндеу кезеңінде)
✔️ ұзақ рәсімдерді күтудің қажеті болмайды

❗️ Қайта пайдалануға тек қауіпсіз құралдар ғана беріледі
❗️ Барлығы тексерістен, жөндеуден және санитарлық өңдеуден өтеді

🔹 Шешімдер нақты қажеттілікке қарай қабылданады
Әлеуметтік-техникалық сараптама енгізілуде — енді тек «мерзім» емес, ТСР-дың нақты жағдайы мен адамның қажеттілігі ескеріледі.

🔹 Үй жағдайындағы оңалту дамып келеді
Жоба қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отыр және еліміз бойынша кеңейтіледі.


📌 Ең бастысы:
Жаңа өзгерістер — үнемдеу үшін емес.
Бұл — әр адамға оңалтудың әділ, сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

#әлеуметтікқорғау #ТСР #мүгедектік #оңалту #мемлекеттікқызметтер #Қазақстан