
21 сәуір күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде департамент басшысы Мұрат Мұратбеков Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын жариялады.
Қаңтар–наурыз айлары аралығында департамент белгіленген мерзімде және бұзушылықсыз 29 128 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 81%-ы зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету саласына, ал 19%-ы мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеуге тиесілі.
Қызметтердің негізгі бөлігі электрондық үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі, бұл халық үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ең жоғары сұраныс келесі қызметтерге тіркелді:
Медициналық-әлеуметтік сараптама саласында тұрақты оң динамика байқалады. Алғашқы мүгедектік көрсеткіші 4,6%-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен және республикалық орташа көрсеткіштен айтарлықтай аз.
Алғаш рет мүгедектік белгілеу үшін 1 207 адам жүгінді, оның 97,3%-ында мүгедектік белгіленді.
Ересектер арасындағы бастапқы мүгедектіктің негізгі себептері:
Балалар (0–18 жас) арасында:
Қайта куәландыру нәтижелері:
Қызмет көрсетудің проактивті форматына ерекше назар аударылады. Есепті кезеңде мүгедектік бойынша шешімдердің 48%-ы азаматтың қатысуынсыз, сырттай қабылданды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бақылау және мониторингтеу шеңберінде:
Департаментке 1 562 азаматтық өтініш келіп түсті, олардың барлығы уақтылы қаралды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыс департамент тарапынан жалғасады.