"Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалында оқыту семинары жүргізілді.

"Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалында оқыту семинары жүргізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша филиалының қызметкерлеріне оқыту семинарын жүргізді.
Кездесу барысында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ, электрондық іс-макеттерді қалыптастыру кезінде кемшіліктердің себептері және кері қайтарылған құжаттардың қайтарылуы себептері туралы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары түсіндірілді.