
Алматы қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті басшысының орынбасары Ниязбекова Р.С.-ның жетекшілігімен дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) қатысуымен мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу бойынша мемлекеттік қызметті сырттай проактивті форматта көрсетуге арналған ерекше тетікті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Іс-шара барысында жекелеген нозологиялық нысандар бойынша куәландырудың ерекше тетігін енгізу мәселелері қаралып, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) әлеуетті түрде сәйкес келетін және нақты жолданған жағдайлар арасындағы айырмашылықтарға талдау жүргізілді.
Аталған ерекше тетік бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба 2025 жылғы маусым айынан бастап мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылып келе жатқаны және еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде Алматы қаласында кезең-кезеңімен енгізіліп жатқаны атап өтілді. Тетіктің негізгі ерекшелігі — ұсынылған медициналық құжаттар негізінде пациенттің қатысуынсыз сырттай форматта МӘС жүргізу болып табылады.
Кеңес барысында ерекше тетік аясында МӘС жүргізу тәртібі түсіндірілді: акт жобасы «АЖ ОДМҚ» ақпараттық жүйесінде қалыптастырылып, кейін экстерриториялық сарапшыға автоматты түрде бөлінеді. Қарау мерзімі — бір жұмыс күні.
Ерекше тетіктің артықшылықтары
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу:
• мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға;
• қызмет алушының жеке қатысу қажеттілігін болдырмауға;
• әкімшілік және ұйымдастырушылық жүктемені азайтуға;
• шешім қабылдау жеделдігін қамтамасыз етуге;
• сарапшыларды автоматты түрде бөлу арқылы субъективті факторды азайтуға;
• мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Медициналық құжаттаманы дайындау сапасына ерекше назар аударылды. Тексерулердің толық жүргізілмеуі және қорытындылардың дұрыс рәсімделмеуі сырттай проактивті куәландыруға іріктеу кезінде айырмашылықтардың негізгі себептері болып табылатыны атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша іріктеу критерийлерінің сақталуын бақылауды күшейту, құжаттарды дайындау сапасын арттыру және әлеуетті сәйкес келетін және жолданатын жағдайлар арасындағы айырмашылықтарды азайту бойынша тапсырмалар берілді.