
Дауыс беру — жай ғана міндет емес, ол әрбір азаматтың конституциялық құқығы. Алматы қаласында бұл құқыққа ерекше назар аударылып, барша азаматтар үшін, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасауға мән берілуде.
2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында қала ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін белсенді дайындық жүргізуде.
Бүгінде Алматыда 9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, олар үшін дауыс беру кезінде арнайы қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету қажет. Олардың ішінде:
Аталған азаматтар үшін 582 толық жабдықталған сайлау учаскесі дайындалды. Олардың әрқайсысы ыңғайлы әрі дербес дауыс беруге қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілген:
Сонымен қатар, ғимараттар заманауи техникамен жабдықталған: бейімделген ақпаратпен қамтамасыз етілген компьютерлер, есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған құлаққаптар, арнайы нұсқаулықтары бар папкалар, сондай-ақ көру қабілеті төмен адамдарға арналған қосымша жарық пен үлкейткіш құралдар бар.
Референдум күні мүмкіндігі шектеулі азаматтардың учаскелерге ыңғайлы жетуін қамтамасыз ету үшін инватакси қызметі жұмыс істейді.
Әрбір сайлаушының өз дауысын беру құқығын жүзеге асыру кезінде өзін сенімді әрі қорғалған сезінуі өте маңызды. Егер қандай да бір сұрақтар немесе қиындықтар туындаса, аумақтық комиссияларға жүгінуге болады — қажетті көмек міндетті түрде көрсетіледі.
Алматы шаһарының тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға және өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісуге шақырамыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз дауыс беру процесін әрбір азамат үшін шын мәнінде қолжетімді әрі қолайлы ете аламыз.