Аяқ протезін қалай тегін алуға болады?

Аяқ протезін қалай тегін алуға болады?

10 наурыз күні Департаменттің №2 МСЭ бөлімі қызмет көрсететін емханалардың ВКК төрағаларына арналған семинар-кеңес өткізді. Онда №031/у ақаулы нысандары талданып, МСЭ-ге негізсіз жолданған жағдайлар бойынша талдау жүргізілді. Сондай-ақ азаматтарды протездермен қамтамасыз ету мәселесі жеке түсіндірілді.

Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды қозғалыс мүмкіндігін қалпына келтіру және өмір сапасын жақсарту үшін протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етеді.

Протездеу жарақаттар немесе аурулар салдарынан ампутация жасалғаннан кейін қайта жүруге және белсенді өмір салтын жүргізуге мүмкіндік береді.

Не істеу керек?

✔️ дәрігерге жүгіну
✔️ МСЭ-ге жолдама алу
✔️ медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту
✔️ мүгедектік пен ИПАР алу

Осыдан кейін адам мемлекеттік қолдау аясында протез ала алады.

Протездеу қалай жүргізіледі

1️⃣ диагностика және протез түрін таңдау
2️⃣ культаның жағдайын бағалау
3️⃣ протезді дайындау
4️⃣ орнату және баптау
5️⃣ оңалту және бейімделу

Сондай-ақ протез берілген кезде жыл сайын культеге арналған арнайы қаптар (чехолдар) беріледі.

Мемлекеттік қолдау мүгедектігі бар адамдардың қозғалу мүмкіндігін қалпына келтіріп, өмір сапасын жақсартуға бағытталған.