Техникалық оқыту өткізілді

Техникалық оқыту өткізілді

Департамент қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі мамандарының қатысуымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша техникалық оқу өткізді.

Іс-шара барысында төмендегі тақырыптар қарастырылды:

  • Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде қосарланған төлемдердің алдын алу, еңбек өтілін растайтын құжаттардың шынайылығын тексеру және кейінгі бақылау бойынша Әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру;
  • зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін құжаттарды толық әрі дұрыс қабылдау мәселелері;
  • мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, белгіленген мерзімдердің сақталуы және құжаттарды толықтыруға қайтарудың негізгі себептерін талдау.

Құжаттарды қайта қайтаруға жол бермеу мақсатында фронт-офис және бэк-офис мамандарына құжаттарды қолданыстағы заңнама және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер шеңберінде қабылдау қажеттігі қосымша түсіндірілді.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, олардың көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтікқамсыздандыру бөлімі мамандарының тарапынан осындай фактілер анықталған және (немесе) байқалған жағдайда, басшылықты уақтылы хабардар ету қажеттігі жөнінде ақпарат жеткізілді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Әйелге құрмет — қоғам дамуының көрсеткіші» ұранымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Қатысушыларға қыз алып қашу, мәжбүрлі неке, сталкинг және әйелдерге қатысты кез келген зорлық-зомбылық түрлері жол берілмейтіні, заңнамаға қайшы келетіні және ұлттық дәстүрлерге қатысы жоқ екені түсіндірілді.

Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әрбір азамат үшін әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Техникалық оқытудың соңында баяндама жасаушылар барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.

         

#Qurmet