
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында №1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Нұрғалиева Алматы қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Т.С. Тукановамен бірлесіп «ГУМ» Бизнес орталығының қызметкерлерімен кездесіп, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, арнаулы әлеуметтік төлемдерді тағайындау, төлеу тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастар практикасы, ұрпақтар келісімшарты, алғашқы жұмыс орны, зейнеткерлік жастағы адамдарды «Алтын жас» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту туралы, ақпараттық түсіндірмелері берілді.
Қойылған сұрақтарға толық жан-жақты жауап берілді.