Зейнетақыларын қайтаруға міндеттеледі

Зейнетақыларын қайтаруға міндеттеледі

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті зейнетақы төлемдері тағайындалған азаматтардың тағайындау кезінде ұсынған еңбек өтілін растайтын құжаттардың шынайылығын тексеріп, заңсыздықтарды анықтау шараларын атқаруда. Осы орайда жалған құжаттар ұсыну фактілері бойынша азаматтардың заңсыз иемденген қаражаттарын республикалық бюджетке қайтару жұмыстарын бақылау Департаменттің күн тәртібіндегі басты мәселесінің бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында осындай жағдай бойынша барлығы 652 іс тіркелген және бұл бюджетке 1 884 847 мың теңге көлемінде шығын әкелді, оның ішінде 970 353 мыңнан астам қаражат мемлекетке қайтарылды. Қалған қаражатты қайтару жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда 590 іс бойынша Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті, құқық қорғау органдары және сот жүйесі тергеп-тексеру, заңсыздықтардың жолын кесу, өндіру жұмыстарын жүргізуде.

Департамент өз кезегінде зейнетақыларды тағайындау барысында азаматтардың құжаттарының шынайылығына баса назар аударып, күмән тудырған жағдайда дер кезінде әрекет ету шараларын қабылдайды.