
Мүгедектік топ тағайындау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру сынды мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Департаменттің №5 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі МӘС-ке құжаттарды дайындауға және қызмет алушыларды жолдауға жауапты №3 қалалық емханада ДКК төрайымының, емхана дәрігерлерінің қатысуымен қеңес өткізді. Кеңес барысында 2025 жылдың жұмыс көрсеткіштері, №260, №131, №230 және №283 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары бойынша түсіндірмелер берілді, мүгедектік топты тағайындау сұрақтары талқыланды. Мүгедектік топ тағайындауға негізсіз жалданған жағдайлар талданды. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолдары қарастырылды.