"Ардагерлер туралы" Заң қабылданды

"Ардагерлер туралы" Заң қабылданды

2020 жылдың 6 мамырында №322-VI Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы қабылданған  болатын. Аталған Заңға сәйкес, 2020 жылдың 18 мамырынан бастап ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төмендегідей мөлшерлерде қайта есептелінді:

       -1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне – 138,63 АЕК;

- Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне – 138,63 АЕК.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 18 мамырынан бастап, келесі категориялар бойынша жаңадан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі бекітілетін болады: 

-Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 4,8 АЕК;

- Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 4,8 АЕК;

- Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдары – 4,8 АЕК