«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң қабылданды

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң қабылданды

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң қабылданды

 

Мемлекет басшысының «заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» (2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 245-VIII) Заңы (бұдан әрі – Заң) 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енеді.

Заңда айқындалған:

  • Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері және олардың құзыреті
  • Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру жүйесі
  • Құқық бұзушылық профилактикасы шараларының жүйесі
  • Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Заңның негізгі мақсаты - құқық бұзушылықтың алдын алу, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою арқылы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін (заңсыз қол сұғушылықтардан) қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттері:

  • адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
  • құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
  • құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою;
  • құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
  • азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру;
  • азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысу деңгейін арттыру

Құқық бұзушылық профилактикасының принциптері:

  • Заңдылық
  • Жариялылық
  • ғылыми негізділік
  • құпиялылық
  • құқық бұзушылық профилактикасында алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы
  • кешенділік пен жүйелілік
  • жеке тәсіл
  • ізгілік
  • отбасын қолдау және сақтау
  • адамға/азаматқа психикалық және/немесе тән азабын шегуге жол бермеу.

Негізгі жаңашылдықтар:

  • Құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреттері нақты айқындалып, ведомствоаралық үйлестіру жүйесі қарастырылған;
  • ортақ жауапкершілік: әкімдер өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін, мемлекеттік органдар құзыреті бойынша профилактика үшін, мәслихаттар олардың есебін тыңдау бойынша;
  • азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысу деңгейін арттыру және соған байланысты ынталандыру шаралары қарастырылады
  • Құқық бұзушылықтың жеке профилактика шаралары күшейтілген
  • Құқық бұзушылық профилактикасының жүйесі (шаралары) айқындалған

 

Құқық бұзушылық профилактикасының шаралар жүйесі:

  1. Жалпы шаралар: құқық бұзушылық жасаудың әлеуметтік-экономикалық себептері мен шарттарын жою арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған;
  2. * жеке шаралар: адамдар тарапынан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оны жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін қолданылады құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің алдын алуға, олардың себептері мен шарттарын жоюға бағытталған;
  3. Арнаулы шаралар: құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің алдын алуға, олардың себептері мен шарттарын жоюға бағытталған.

* Құқық бұзушылықтың жеке профилактикалық шаралары: профилактикалық әңгімелесу; ресми ескерту, профилактикалық есепке алу және бақылау; әкімшілік жаза қолдану; қорғау нұсқамасы, өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) есепке алып, олардың әлеуметтік бейімдеу және оңалту және басқалары

 

Берілген ақпарат азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бағытында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министр – О.А. Бектеновтың Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 30.12.2025 жылғы №245-VIII  Заң нормаларын жүзеге асыру бойынша хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды.