Мүгедектікті белгілеудің ерекше қашықтықтан проактивті форматта енгізу және 031/у жолдамаларының сапасын арттыру мәселелері бойынша өткен кеңес

Мүгедектікті белгілеудің ерекше қашықтықтан проактивті форматта енгізу және 031/у жолдамаларының сапасын арттыру мәселелері бойынша өткен кеңес

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау  министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №1 МӘС бөлімімен 17.12.2025жылы емдеу профилактикалық мекемесімен, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің арнайы тетігін қамтуды арттыру мәселесі -«Мүгедектікті тағайындау және/ немесе  еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын анықтау»  сырттай проактивті куәландырудың жекелеген нозологиялық нысандары бойынша жиналыс өтізілді.

№1 МӘС бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін тиімді енгізу бойынша «Мүгедектікті тағайындау және/ немесе  еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын анықтау» сырттай проактивті куәландырудың жекелеген нозологиялық нысандары бойынша, негізгі қателіктер мен МОДҚ-ға жіберілген қорытындылардың қабылданбау себептері емдеу профилактикалық мекемесімен сұрақтар талқыланды. Жиналыс барысында, ДКК мүшелеріне ерекше тетікті енгізу жөніндегі жұмысты күшейту, ЕПМ дәрігерлерін 031/е нысанын дұрыс толтыруға үйрету, жолдамалардың сапалы және негізді жіберілуіне дәрігерлердің жеке жауапкершіліктерін күшейту ұсынылды.