
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрығы 29.06.2025ж іске қосылды. Бұл бұйрықта жекелеген нозологиялық нысандар тізбесі және № 031/е нысанын толтыру үшін міндетті зерттеп-қараулар мен объективті деректердің тізбесі көрсетілген.
Пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі:
1. Пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның емдеуші дәрігері жарақаттардың және кемістіктердің салдарынан, аурулар әсерінен тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкелетін ағза функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде деректерді тексеріп, №031/е нысанын қалыптастырады. Осы Алгоритмнің 1-қосымшасына сәйкес пилоттық жоба жүргізілетін жекелеген нозологиялық нысандар тізбесіне кіретін жағдайлар бойынша №031/е нысанын қалыптастырған кезде, деректер Алгоритмнің 2-қосымшасына сәйкес міндетті зерттеп-қарау және объективті деректер тізбесіне сәйкес міндетті түрде көрсетіледі.
2. Жекелеген нозологиялық нысандарына сәйкес №031/е нысанында міндетті зерттеп-қарау және/немесе объективті деректер болмаған кезде МАЖ-да қате көрсетіліп, ДКК төрағасының ЭЦҚ-мен бекітілуі мүмкіндігі алынып тасталады.
3. №031/е нысаны медициналық ұйымның ДКК төрағасының ЭЦҚ-сымен бекітілгеннен кейін автоматтандырылған режимде МАЖ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға, одан әрі «электрондық үкімет» шлюзі арқылы МОБД ААЖ-ға жіберіледі.
4. «МОДБ» ААЖ-да МӘС актісінің электронды жобасының қалыптастырылуы МӘС қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
МӘС актісінің жобасы сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміндегі бір эксаумақтық сарапшы-МӘС бөлімінің басшысына күту парағынан автоматтандырылған режимде таратылады. МӘС қағидаларына сәйкес МӘС жүргізіледі.
5. МӘС сарапшысы келіп түскен құжаттарды МӘС актісінің жобасының нөмірі түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және сараптама қорытындысын шығарады.
6. Сараптамалық қорытынды МӘС сарапшының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін, «МОДБ» ААЖ-дағы «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.
7. МӘС актісі куәландырушы адамның тұрақты тіркелген жері бойынша автоматтандырылған режимде:
1) медициналық ұйымға - №031/е нысандағы «МӘС-тің сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама»;
2) көрсетілетін қызметті алушыға (оның өкіліне) - қабылданған сараптамалық қорытынды мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталынан алу мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 11.12.2025ж Алматы.қ бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің №2 МӘС бөлімі ДКК төрағаларымен семинар- кеңес өткізді. Қорытынды: сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша жұмысты күшейту, тұрақты мониторнг жүргізу, уақытылы және сапалы жолдама толтыруды қамтамассыз ету, жолдамалар мен қорытынды беретін медициналық қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру.