Қызметтік этика аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Қызметтік этика аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

2025 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілетті өкілдің Жұмыс жоспарына сәйкес Департаментте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының және «Жаухар» ұлттық дәстүрді қолдау қорының өкілдері қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу әдістері, сондай-ақ ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сарапшы халықтың жалпы мәдениеті мен білім деңгейін арттырудың, құқықтық сананы қалыптастырудың, отбасында және қоғамда толерантты дәстүрлерді нығайтудың конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.

Семинар қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде берік азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.