Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған семинар

Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған семинар

2025 жылғы 4 желтоқсанда Департаментте қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлық оқыту ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Асқар Дин-Мухаммед Жандосұлы шақырылды.

Семинар барысында «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің функционалы мен тиімді қолданылуы, сондай-ақ «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру, өтініштерді қабылдау мен қарау тәртібі, сондай-ақ азаматтардың процестік құқықтарын қорғау тетіктері бойынша өзекті ақпарат алды.

Іс-шара қызметкерлердің құқықтық мәдениетін көтеруге және жұмыс процесінде цифрлық жүйелерді сауатты қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.