Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бала туғанда берілетін жәрдемақыны және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны алуға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар.
Алматы қаласы бойынша жыл басынан ағымдағы жылдың 21 қазан жағдайы бойынша бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы 24048 адамға, 4,2 млрд. теңгеге жуық республикалық бюджет қаражаты есебінен төлем жасалды.
Жұмыс жасамайтын азаматтарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 4816 адам қамтылды, ай сайынға сұраныс төлемге 148 млн. теңгені құрады.
Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға көтерілді.
Екі және одан көп бала туған жағдайда әр балаға жеке жәрдемақы тағайындалады.
Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтаныдру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды.
МӘСҚ Алматы қаласы бойынша филиалынан 2025 жылдың 9 айында төлем 22160 азаматқа төленді. Төлемнің орташа мөлшері 100 мыңға жуық теңгені құрады.
Бала тууына және күтіміне байланысты жәрдемақыға жүгіну мерзімі бала туғаннан бастап он сегіз айдан аспауы қажет.
Бүгінгі таңда оңтайландыру мақсатында электрондық сервистер азаматтардың жәрдемақыға жүгінуге (өтініш білдіруге) мол мүмкіншіліктер ұсынуда:
Сондай-ақ, жәрдемақыға өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары арқылы беруге болады.