Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес азаматтар елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген кезде көздерден арнайы әлеуметтік төлем алуға құқылы:

  1. Республикалық бюджеттен 2 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі-ТКД) мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
  2. зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша бір ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД)мөлшерінде сақтандыру төлемін;
  3. жұмыс берушінің қаражаты есебінен бір төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) мөлшерінде кәсіптік төлем;
  4. бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі-БЖЗҚ) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі-МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған бір ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) мөлшеріндегі зейнетақы төлемі.

     Жоғарыда көрсетілген төлемдерге құқылы қызметкерлер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.

          Сондай - ақ, зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда өтініш берген кезде, 55 жасқа толғанда және олар үшін МКЗЖ кемінде 84 ай төленген жағдайда жұмыспен қамтылмаған адамдар тек екі компоненттен арнайы әлеуметтік төлем алуға құқылы;

  1. Республикалық бюджеттен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы:
  2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі зейнетақы төлемі.

  Төлем енгізілген сәттен бастап Алматы қаласы бойынша тағайындалды:

          2024 жылдың 12 айында-276 азамат.

          2025 жылдың 10 айында-107 азамат.

          Барлығы-383 адам.