Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік емес ұйымдардың қызметімен танысу бойынша жұмыс кестесіне сәйкес, Департамент басшысы «ЕРЗИ» мүгедектер бірлестігінің оңалту орталығында болды. Орталықтың негізгі жұмыс бағыты - тірек-қимыл аппараты бұзылған ересек адамдарға кешенді спорттық оңалту көмегін көрсету.
Орталық «Алматы» спорт клубымен өзара белсенді жұмыс атқара отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшыларды пауэрлифтинг, армрестлинг, тоғыз құмалақ, шахмат сияқты паралимпиадалық және бұқаралық спорт түрлерінен дайындайды.
Орталықтың материалды-техникалық базасы мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін толық қолжетімділікті, қабаттар арасында қозғалуға арналған лифт және мамандандырылған оңалту аймақтары мен демеушілік есебінен алынған заманауи құрал-жабдықтарды қамтиды. Бұл өз кезегінде қызмет алушылардың оңалту динамикасы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуде.
Қорыта айтқанда, Орталықтың қызметі мүгедектерге кешенді қолдау көрсетудің тиімді тәсілін бейнелейтін мемлекеттік емес секторда инклюзивті бастамаларды сәтті жүзеге асырудың мысалы болып табылады.