Департамент басшысы «ARDI» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қауымдастығының шығармашылық орталығында болды

Департамент басшысы «ARDI» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қауымдастығының шығармашылық орталығында болды

Департамент басшысы жеке-меншік орталықтардың қызметімен танысу аясында «ARDI» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қауымдастығының шығармашылық орталығында болды.

Орталық өзін-өзі дамыту, колледж бен университетке дайындау бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар, бейнелеу өнері, вокал, хореография, театр, қолөнер, бейне өндірісі, дыбыс жазу негіздері және т.б. шығармашылық бағдарламалар ұсынады. Ыстық тамақпен, көлікпен, сауықтыру құралдарымен қамтамасыз етілген. Орталықта жалпы саны – 102 қызметкер 500-ге жуық балаға қызмет көрсетеді.

Орталық басшылығымен әңгімелесу барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.