ИПАР мәселелері бойынша семинар: МӘС-ке жолдамаларды рәсімдеудегі жиі кездесетін қателіктер

ИПАР мәселелері бойынша семинар: МӘС-ке жолдамаларды рәсімдеудегі жиі кездесетін қателіктер

Мүгедектерге арналған АОЖБ тізімі-абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасы-мүгедектігі бар адамға жоғалған функцияларын қалпына келтіру немесе өтеу үшін қажетті оңалту іс-шараларының, техникалық құралдардың, көрсетілетін қызметтердің, протездік-ортопедиялық бұйымдардың (ОТҚ) және әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралардың тізбесін айқындайтын құжат. Қызметтер мен құралдардың тізімі әр адам үшін әр түрлі және олардың қажеттіліктері мен тіршілік әрекетін шектеу дәрежесіне байланысты.

АОЖБ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023ж 30 маусымдағы №287 "мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, мүгедек адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес олардың мерзімдерін қоса алғанда, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары" бұйрығына сәйкес тағайындалады.

     АОЖБ қалай аламыз?

     АОЖБ мүгедектікке куәландыру процесінде МӘС мамандары тағайындайды. АОЖБ алу үшін алдымен тұрғылықты жері бойынша емхана арқылы МӘС жолдама алу қажет. Содан кейін МӘС-тен өтіп, мүгедектік туралы анықтама алу керек. АОЖБ мүгедектікті белгілеумен бір мезгілде тағайындалады және оны белгілеу мерзіміне беріледі. Қызметті алуға өтінімді "электрондық үкімет" порталы арқылы Egov.kz немесе жергілікті әлеуметтік қорғау органдарында беруге болады.

        23.09.2025ж Алматы.қ бойынша №2 МӘС бөлімі №32 ҚЕ дәрігерлерінің қатысуымен семинар- кеңес өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына әсер ететін бірқатар мәселелер қозғалды. Атап айтканда, МӘС жолдау кезінде құжаттарды дұрыс толтырмау, сондай-ақ жаңа ережелерге сәйкес науқастарды бетпе-бет және сырттай-проактивті куаландыруға жолдаудын негізділігіне ерекше назар аударылды.