Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары

Еліміздің Ата заңы – Конституциямыздың 30 жылдығын атап өту мақсатында  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Қ.Бимурзаева  «Желтоқсан» Республикалық халықтық-отаншылдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің   Алматы қаласы бойынша өкілдерімен  «Азаматтардың Конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету аясында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Дөңгелек үстелге  Алматы қаласы Прокуратурасының басқарма прокуроры  И.Сәрсенәлі шақырылып және  «Аманат» партиясының Жетісу аудандық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы  Қ.Мұханғали   қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде  көзделген  халықты зейнетақымен қамсыздандыру және басқада  әлеуметтік көрсетілетін  шаралар туралы, оның ішінде Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың зейнет жасына шыққанда еңбек өтілдерінің жеңілдікпен есептелуі, ай сайынғы төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың тағайындалуы туралы толық түсініктеме берілді.

Қазақстан Республикасында Жаппай саяси құғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты мемлекет тарапынан  бір жолғы өтемақылар тағайындау барысында ұсынылатын құжаттар туралы Прокуратура өкілімен талқылау жүргізіліп, ұсыныстар жасалды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың аталған төлемдер алу үшін  ұсынылған құжаттарының  заң талаптары бойынша реттелуі  айтылды.

Басқосу нәтижесінде осы санаттағы азаматтардың Қазақстан Республикасының  Егемендігін алуға үлес қосқандарын ескере отырып,     Департаментпен мемлекеттік  қызметтер көрсету кезінде оң шешімдер қабылдау  мүмкіндіктері  қаралатын болады.