2025 жылдың 5 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметшілері арасында бекітілген кестеге сәйкес техникалық оқыту жүргізді. Техникалық оқытуды №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Д. Бердыбаева және А. Нұрғалиева жүргізді.
Оқыту барысында базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде туындайтын мәселелер мен сұрақтарға қатысты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінен келіп түскен хаттармен таныстырылды. Атап айтқанда,
базалық зейнетақы төлемін беру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелінетін кезеңдер, оның ішінде 01.01.1998 жылдан туған балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт; әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері бойынша түсіндірмелер айтылды.
Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін есепке алуға қатысты, оның ішінде Ресей Федерациясынан келген этностық қазақтардың еңбек өтілдеріне қатысты сұрақтар қойылып, түсіндірме айтылды.
Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кірісті айқындау кезінде есепке алынатын табыстан міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, және жеке табыс салығының аударылуы бойынша туындаған сұрақтарға талдау жасалынып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.