Алмалы және Медеу аудандары бойынша „Азаматтарға арналған үкімет“ МК филиалдарында профилактикалық бақылау және техникалық оқыту

Алмалы және Медеу аудандары бойынша „Азаматтарға арналған үкімет“ МК филиалдарында профилактикалық бақылау және техникалық оқыту

Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 20 тамыздағы № 322 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 68 бірлескен бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 12-13 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметшілері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Алматы қаласы, Алмалы және Медеу аудандары бойынша бөлімшесіне профилактикалық бақылау жүргізді.
Бұл ретте, бақылауға арналған есептермен жұмыс жасау, қолданыстағы заң аясында қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің өте маңызды екенін ескере отырып, бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар, аудан бөлімшесі мамандарына техникалық оқыту жүргізілді. Техникалық оқытуда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларына сәйкес түсірдірме жүргізіліп, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау барысында Департаментпен кері қайтарылған электрондық іс-макеттер бойынша талдау жүргізілді. Қойылған сұрақтарға тодық жауап берілді.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша оқыту жүргізілді.